Түрік авиакомпаниясы Еуропада үшінші

Түрік Әуе жолдары THY Lufthansa-дан асып түсті.

1174078
Түрік авиакомпаниясы Еуропада үшінші

Түрік Әуе жолдары THY Еуропада орын әлеуеті тұрғысынан немістің авиакомпаниясы Lufthansa-дан асып түсті.

THY орын санын 2019 жылдың екінші ширегінде 1,6 пайыз арттырып,  Еуропада үшінші кезекке көтерілді. Осы тақырыпқа байланысты THY бас директоры Билал Екши мәлім етті.

«2023 мақсаттарына қадамдап жылжудамыз.  THY Еуропада орын әлеуетімен неміс авиакомпаниясынан асып түсіп,  үшінші орынға көтерілді» деп жазды.

Түрік авиакомпаниясы былтыр 75,2 миллион жолаушы тасымалдады.

Биыл ішкі желіде 33 миллион, сыртқы желіде болса 47 миллион жолаушы тасуды мақсат етуде.



Ұқсас жаңалықтар