Түрік ағымы Кыйыкөй жобасы жылдың соңында іске қосылды

Кыйыкөй табиғи газ қабылдау станциясы құрылыс директоры Эрол Языджы мәлімдеме жасады.

1160934
Түрік ағымы Кыйыкөй жобасы жылдың соңында іске қосылды

Орыс табиғи газын Түркия мен Еуропаға тасымалдайтын Түрік Ағымы Табиғи газ құбыр желісі жобасы Кыйыкөй қабылдау станциясы құрылысының 50 пайызы аяқталды.

Кыйыкөй газ қабылдау станциясы құрылыс директоры Эрол Языджы 31,5 миллиард текшеметр күшіндегі Түрік ағымы желісінің Кыйыкөйде жалғасқан станция құрылысына қатысты Анадолу агенттігіне мәлімдеме жасады.

Жобада теңіз және құрлық желілерін бір-бірімен байланыстырған соңғы балқытып біріктірумен (сварка) Ресейден келген барлық құбырлардың Түркияға қосылатынын атап көрсеткен Языджы «Табиғи газ қабылдау станциясының құрылысы 2018 жылы наурыз айында басталды. Қазір құрылыс жұмыстарының 50 пайыздан астамын аяқтадық» деді.

Языджы қабылдау станциясының құрылысының аяқталуының артынан кейбір сынақтан өткізу жұмыстарының жүзеге асырылатынын атап, «Шамамен бір айдан кейін құбырлардың іші тазаланады. Ресейдегі Анапа аймағынан Кыйыкөйдегі құбырларға дейін азот толтырылады» деді.

Түрік ағымы жобасында бірінші желіден келетін 15,75 миллиард текше метрлік табиғи газ Ресейдің Анапа қаласынан Кыйыкөйге ұласады. Жоба аясындағы екінші желіден жіберілетін бірдей көлемдегі табиғи газ Түркиядан Еуропаға жеткізілмек. Аталмыш желінің Грекия немесе Болгария арқылы Еуропаға өтуі жоспарланады.

Екі желінің де теңізден құбыр төсеу жұмыстары аяқталды және Анападағы станция газды толтыру сатысына жетті.

Кыйыкөйдегі қабылдау станциясының аяқталуымен жылдың соңында алғашқы табиғи газдың Түркияға жеткізілуі жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар