Экспортталған аяқкиім саны 248 миллион 869 мыңға ұласты

Түркияның аяқкиім экспорты 2018 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 12,9 пайыз өсіп, 248 миллион 869 мыңға ұласты.

1157312
Экспортталған аяқкиім саны 248 миллион 869 мыңға ұласты

Осы экспорттан 888,1 миллион доллар табыс түсірген сала 2019 жылы экспортта 1,1 миллиард долларды нысанаға алып отыр.

Өткен жыл бойынша ең көп экспорт жасалған ел 2017 жылмен салыстырғанда Ресей болды. Ресейге сатылған аяқкиім мөлшері 77.9 пайыз өсіп, 132.1 миллион долларға ұласты. Жалпы экспорттың 21.6 пайызы осы елге жасалды.

Ресейдің артынан 83.4 миллион доллармен Ирак, 61.3 миллион доллармен Германия, 32.3 миллион доллармен Сауд Арабиясы, 33.1 миллион доллармен Румыния, 28.7 миллион доллармен Испания, 24 миллион доллармен Италия, 22.8 миллион доллармен Болгария, 21.4 миллион доллармен Ұлыбритания 13.4 миллион доллармен Франция келеді.

Ең көп аяқкиім экспортталған алғашқы 10 елге 452 миллион 559 мың долларлық аяқкиім сатылғанда, 28 Еуроодақ мемлекетіне экспортталған аяқкиім мөлшері 289 миллион долларды асты.



Ұқсас жаңалықтар