Үндістан - түрік экспортшылар үшін маңызды нарық

Үндістан  түрік экспортшылар үшін үлкен мүмкіндік ұсынады.

1117693
Үндістан - түрік экспортшылар үшін маңызды нарық

Әлемнің үлкендігі жағынан алтыншы экономикасына ие Үндістан  түрік экспортшылар үшін үлкен мүмкіндік ұсынады.

Үндістан 2017 жылы 6,7 пайыз экономикалық өсімге қол жеткізді. Инфляция да 3,3 пайыз болды. Осы елде өткен жылы да 7,6 пайыз экономикалық өсім болды.

Үндістанның 2017 жылғы экспорты – 295,9 миллиард доллар,  импорты – 44,1 миллиард доллар.

Түркияның Үндістанға экспорты былтырғы 11 айда 1 миллиард доллар болса, осы елден Түркияға импорт шамамен 7 миллиард доллар ретінде тіркелді.

Сауда министрі Рухсар Пекджан 18 желтоқсан күнгі Үндістан сапарында келесі он жыл ішінде осы елдің әрі тұрғын саны,  әрі егіншілік өнімдері саласында әлемнің көшбасшы елі болатынын айтты. Министр Үндістанның түрік экспортшылар үшін маңызды нарық екенін білдірді.

Пекджан Үндістанмен компьютерлік бағдарлама саласында ынтымақтастық жасалатынын айтап көрсетіп, Үндістан Сауда,  өнеркәсіп және азаматтық авиация министрінің де ақпан айында Түркияға сапарлай келетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар