Түркияның тауық және жұмыртқа экспорты артты

Түркияның тауық және жұмыртқа экспорты 12 пайыз артып, 917 миллион долларға ұласты.

1111537
Түркияның тауық және жұмыртқа экспорты артты

Түркияның тауық және жұмыртқа экспорты артты.

Түркияның тауық және жұмыртқа экспорты қаңтар-қараша кезеңінде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 12 пайыз артып, 917 миллион долларға ұласты.

Эгей экспортшылар одағының санақтары бойынша осы жылдың қаңтар-қараша кезеңінде жасалған тауық экспорты 2017 жылының бірдей кезеңімен салыстырғанда 10 пайыз артып,  523 миллион долларға жетті.

Тауық экспортында бірінші орынды 299 миллион доллармен Ирак алса, осы елден кейін 55 миллион доллармен Ливия екінші және 40 миллион доллармен Гонконг үшінші орынды иелеуде.

Түркия өткен жылы Жапония нарығына 1,5 миллион долларлық тауық сатты.

Жұмыртқа экспорты да осы кезеңде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 17 пайыз артып,  336 миллион доллардан   394 миллион долларға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар