Нигерияда 20 миллионнан астам адам жұмыссыз

200 миллион жан саны бар елде 20.9 миллион адам жұмыссыз

1110633
Нигерияда 20 миллионнан астам адам жұмыссыз

Нигерияда 20 миллионнан астам адам жұмыссыз.

Нигерия Статистика офисінің 2018 жылғы санды мәліметтеріне қарағанда мөлшермен 200 миллион жан саны бар елде 20.9 миллион адам жұмыссыз қалған.

Нигериядағы жұмыссыздық мөлшерінің 2017 жылы 17.6 пайыз болғаны анықталғаны, бұл санның 2018 жылға келгенде 20.9 пайызға артқаны білдірілді.

Нигерия Статистика офисінің  мәліметіне қарағанда елде 69 миллион адамның тұрақты жұмысы бар, 51 миллион адамның толық күндік, 18 миллион адамның жарты күндік жұмысы бар.

Экономикалық дағдарыс, парақорлық және қауіпсіздік мәселелері қатарлы себептер жұмыссыздыққа нашар әсерін тигізуде.

Елдегі өмір шарттары себепті университет бітіргендерді қамтыған көптеген нигериялық заңсыз жолдармен Еуропаға көшіп кетуге жол қарастыруда.   

 



Ұқсас жаңалықтар