Иран 2019 жылғы бюджетті азайтады

Иран экономикалық қысымның зардабын тартып отыр

1110089
Иран 2019 жылғы бюджетті азайтады

Иран экономикалық қысымдарға орай 2019 жылдық бюджетін азайтты.

Иранның ресми хабар агенттігі ИРНА-ның хабарына қарағанда, Елбасылығы Офисінің төрағасы Махмуд Вайзи астана Тегеранда Министрлер Кабинетінен кейін жасаған мәлімдемесінде үкіметтің Парламентке ұсынған бюджетіне шектемелер жасалғанын білдірді.

Экономикалық дағдарыстарға байланысты әрі үкіметтің, әрі үкімет сыртындағы әлеуметтік ұйымдардың кейбір шектемелер жасауға мәжбүр қалғанын жеткізген Вайзи "Көз алдағы жағдайда қысымдардың артуы себепті бюджетте кейбір шектемелер жасауымыз керек" деп көрсетті.

Бюджеттегі шектемелерден кейтір салалардың әсерге ұшырамайтынын да білдірген Вайзи  "Имам Хумейни жәрдем комитеті, Рефах ұйымы, зейнеткерлер және мемлекет қызметкерлері бюджет шектемелерінің сыртында қалады" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар