Huawei-дің басшысы ұсталды

Қаржы директоры Менг Ванжу Канадада ұсталды.

1101539
Huawei-дің басшысы ұсталды

Қытайдың технологиялық компаниясы Huawei-дің иесі Рен Зенгфайдың қызы және компанияның Қаржы директоры Менг Ванжу Канадада ұсталды.

Ванжу  Америка Құрама Штаттарының Иранға бағытталған санкциясын бұзды деген себеппен ұсталды.

Канада Әділет министрлігі Менг Ванжудың 1 желтоқсан күні Ванкуверде ұсталғанын білдірді.

7 желтоқсан күні сот алдына шығады.

Ол Америка Құрама Штаттарына қайтарылған жағдайда, Нью-Йорк штатының Шығыс аймағы сотында сотталады.

АҚШ Әділет министрлігі Қытайдың смартфон өндірушісі және телекоммуникация алпауытына Иранға бағытталған санкцияларды бұзғаны себепті сәуір айында тергеу бастаған болатын.

АҚШ пен Қытай арасында жақында ғана қамдалған сауда келісімі үшін риск тудыратын осы хабар нарыққа да жағымсыз әсер етті.

Азия биржаларындағы бағамдар төмендеп, АҚШ құнды қағаздарының индекстері де азайды.



Ұқсас жаңалықтар