Алпауыт компания зауыттарын жабады

Компания жұмысшы санын да қысқартады.

1095587
Алпауыт компания зауыттарын жабады

Американдық автомобиль алпауыты General Motors-тың (GM) қайтадан құру жоспары шеңберінде бес зауытын жабатыны және қызметкер санын 15 пайыз қысқартатыны білдірілді.

Детроиттегі орталықтан жасалған хабарламада, өндіріс сапасы және жұмыс күшін үнемдеуді арттыру мақсатымен қайта құру болатыны айтылды.

Осы аяда 5 өндіріс базасы келесі жылы жабылады. Жұмысшы саны да 15 пайызға азаяды.

Осы қадамдардан кейін компанияның жылдық қолмақол ақшасы 6 миллиард доллар артады деген болжам жасалды.

Осы арада аталмыш хабарламадан кейін компанияның Нью-Йорк биржасындағы құнды қағаздары 6 пайыз құнданды.



Ұқсас жаңалықтар