Түркия мен Пәкістан Еркін сауда келісіміне жақында қол қоймақ

Пәкістан президенті Ариф Альви Түркия мен Пәкістанның Еркін сауда келісіміне жақында қол қоятынын жариялады.

1081021
Түркия мен Пәкістан Еркін сауда келісіміне жақында қол қоймақ

Пәкістан президенті Ариф Альви Карачи сауда және өнеркәсіп палатасының көрмесінде жасаған мәлімдемеде Түркия мен Пәкістан арасындағы сауда қарым-қатынастарына тоқталды.

Альви Стамбулға жасаған іс-сапарында президент Режеп Тайып Ердоғанмен Еркін сауда келісімін бағалағандарын атап көрсетті.

Альви «Түркия мен Пәкістан Еркін сауда келісіміне жақында қол қояды. Екі жақты сауданы арттыру үшін оданда маңызды және нақты қадамдар басу керектігіне шешім қабылдадық» деді.

Түрік инвесторлардың Пәкістанға бағытталған қызығушылығы жайлы сөз қозғаған Альви «4 түрік фирмасы Пәкістанға 1,5 миллиард долларлық инвестиция салу үшін дайын» деді.

29 қазан Республика мерекесі және Стамбул әуежайының ашылуы үшін Түркияға келген Альви президент Режеп Тайып Ердоғанмен де бас қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар