Аселсан Катарда компания құрды
Аселсан компанияның 48 пайызына ие.
Аселсан Катарда компания құрды.
Түрік қорғаныс өнеркәсібінің алдынғы қатарлы компанияларының бірі Әскери электроникалық өнеркәсіп Аселсан «Найзағай» деген мағынаға келетін Барк атты компанияның 48 пайызына ие.
Аселсан үлескер болған компанияның капиталы 1 миллион Катар риалі.
Түрік компаниясы Аселсан көптеген елде ынтымақтастық үшін маңызды қадамдар басуда. Бір мезгіл бұрын Катарда жоба кеңсесін ашқан компания Таяу Шығыста болмысын ұзын мерзімді серіктестіктерге айналдыру мақсатымен жаңа бастамалар көтеруде.
Аселсан Катарда Барзан Холдингпен кейбір қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің өндірісіне бағытталған технология трансферін де қамтитын ортақтық құру үшін наурыз айында Дохада келісімге қол қойған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бодрум ауданына круиздік кемемен туристер келді
277метрлік Багам туы бар алып кеме Бодрум круиз портына келіп тоқтады.