Әлемнің ең қымбат қаласы – Париж

Ең қымбат қалалар – Париж,  Тель-Авив және Нью-Йорк.

1037105
Әлемнің ең қымбат қаласы – Париж

Түркия Қонақүйлер одағы әлем көлемінде жүргізген зерттеуінде қонып шығу секторында ең қымбат қалаларды анықтады.

Осыған орай қонақүй бөлмелері ең қымбат қалалар – Париж,  Тель-Авив және Нью-Йорк.

Ең қымбат тізімінде алғашқы 20-да Еуропа қалалары салмақты орын алады.

Париж ADR (Average Daily Rate) деп аталатын бір күндік орташа бөлме құны 263 евромен әлемдегі ең қымбат қала атанды.

Осы көрсеткіш Тель-Авивте 239 евро, Нью-Йоркта 236 евро шамасында.

Цюрих төртінші, Женева бесінші орында.  Артынан Рим, Лондон, Копенгаген, Амстердам мен Дублин келеді.

Түркияның Стамбул қаласында болса қонақүйдің бір бөлмесінің бағасы 88 евро.



Ұқсас жаңалықтар