Министр Албайрак телеконференция арқылы инвесторлармен бас қосты

«Инвесторлардың қолдауын алдық, Түркия экономикасына сенім жалғасуда. Сенімді арттыратын бар қадамды басамыз».

1034012
Министр Албайрак телеконференция арқылы инвесторлармен бас қосты

Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак шетел инвесторларына Түркияның валюта шайқалысынан одан да күшейіп шығатынын атап көрсетті.

Шетел инвесторларымен телеконференция арқылы бас қосқан Албайрак «Түрік банк саласы жүйесі сенімді және мықты. Банк саласын күшейтуде ойланбаймыз. Фирмалар қысқа мерзімді жауапкершіліктерді қамтамасыз етеді» деді.

Инфляциямен күрес тақырыбында Орталық Банкке қажетті әртүрлі қаржылай ұстанымға қолдау беретіндерін білдірген Албайрак қаржы дисциплинасын бұзбайтындарын атап көрсетті.

Албайрак «Инвесторлардың қолдауын алдық, Түркия экономикасына сенім жалғасуда. Сенімді арттыратын бар қадамды басамыз» деді.

Түркияның еркін нарық ұстанымынан айырылатын бір дағдарыс кезеңінде емес екенін атап көрсеткен министр Албайрак Халықаралық валюта қорымен (IMF) келісім жасалмайтынын атап «Тікелей инвестициялар тарту нысанамыз» деді.

Үкіметтің өте маңызды бір шығын қысқартуы жасайтынын білдірген Албайрак «Табыс тақырыбында болымды көрсеткіштер бақалды» деді.

Бірнеше аптаның ішінде қосымша қаржыландыру резервтерін жариялайтынын атап көрсеткен Албайрак «Жаңа макро шаралар, тығыз макро және қаржы саясаттарымен одан жақсы жалғастыра алатын бір өсуге қол жеткіземіз» деді.

Телеконференцияға 3 мың 783 шетелдік инвестор тіркелді, дегенмен жиналыс басталған соң инвестор саны 6 мыңнан асты.



Ұқсас жаңалықтар