Малайзияның сыртқы қарызы үшін 41 миллион доллар жиналды
Малайзия халқы «Үміт фондына» 41 миллион доллар бағыштады.
Малайзия халқы «Үміт фондына» 41 миллион доллар бағыштады.
Малайзия халқы елдің сыртқы қарызын төлеуге үлес қосатын үкіметтің «Үміт фондына» 41 миллион доллар ақша бағыштады.
Малайзия Қаржы министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Үміт фондына» екі айда халықтан жиналған ақша санының 41 миллион долларға жеткені білдірілді.
Қаржы министрі Лим Гуан Ын қанша ақша жиналатыны байланысты бір нысанасының болмағанын, халықтың жинаған жылуының мемлекеттің мүддесі үшін қолданылатынын айтты.
Малайзия халқы 30 мамыр күні ашылған қор үшін тек қана алғашқы күні 1,76 миллион доллар бағыш жинаған болатын.
Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Неджип Резак кезеңінен қалған 252 миллиард доллар қарыз бар.
Елде үнемдеу шаралары аясында министрлердің айлықтары 10 пайыз қысқартылған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Болат Еуроодақтың Түркиямен сауданы арттырғысы келетінін айтты
Сауда министрі Өмер Болат бас қала Анкарада Еуроодақ-Түркия қарым-қатынастарын бағалады.