БАӘ Иран тұлғаларының есепшоттарын бұғаттай бастады

Иранның 9 азаматы мен фирмасының активтері бұғатталады.

1005577
БАӘ Иран тұлғаларының есепшоттарын бұғаттай бастады

Біріккен Араб Әмірліктері террористік тізімге енгізілген ирандық тұлғалар мен фирмалардың активтерін бұғаттауды бастады.

БАӘ Жылжымалы құндылықтар мекемесі тарапынан жасалған хабарландыруда терроризммен байланысы бар екені білдірілген Иранның 9 азаматы мен фирмасының есепшоттарының операцияларын тоқтату үшін жұмыс басталғаны айтылды.

Хабарландыруда аталмыш тұлғалар мен фирмалар жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.  Айырықша тізімде білдірілгендер тысында басқа тұлға мен фирмалардың есепшоттарына байланысты іс жүргізілмеуі жөнінде ескерту жасалды.

Аталмыш тұлғалар мен фирмалардың өңірде тұрақтылыққа қауіп төндірген істерді қаржыландыру үшін Иран Төңкеріс қорғаушыларына қарасты Иерусалим күшіне миллиондаған доллар ақша жібергені білдірілді.

АҚШ президенті Дональд Трамп мамыр айында Иранмен жасалған келісімнен бас тартқаннан кейін АҚШ Қазына министрлігі осы Иерусалим күшімен қатысы бар екені алға тартылған 6 тұлға мен 3 фирма жөнінде санкция жариялау шешімін қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар