Тесла Түркия нарығына кіреді

Компания бұның нақты қадамы ретінде хабарландыру жариялады.

988800
Тесла Түркия нарығына кіреді

Электрмен жүретін көлік және электрмен жүретін көліктердің мотор бөлшектерін жобалайтын, өндіретін және сататын Американың Тесла Моторс компаниясы Түркия нарығына кіреді.

Компания бұның нақты қадамы ретінде хабарландыру жариялады.

Тесланың Түркияға қашан келетіні өткен апталарда нақтыланып,  басшысы Илон Маск әлеуметтік желіде: «Биыл Түркия нарығына кіруді жоспарлап отырмыз. Еліңізді ұнатамын және нарыққа кірген кезде өзім келемін» деп жариялаған болатын.

Тесланың хабарландыруында лицензия дәрежесі және осыған сай профессионалдық тәжірибесі бар тұлғаларды жұмысқа қабылдайтындары айтылған.

Жұмысқа алынатын қызметкерлердің міндеті де «клиенттерге керемет қызмет көрсету, команда мүшелерін дайындау,  күнделікті оперативтік істерді басқару және Тесла қызметін Тесла 3 клиенттерінің мұқтаждығына дайындау» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар