Түркия мен Ресей төрешілік сот процесінде келісті

Энергия министрі Берат Албайрак Түркияның Ресеймен жалғасып жатқан төрешілік сот процесінде келісімге келгендерін мәлімдеді.

979738
Түркия мен Ресей төрешілік сот процесінде келісті

Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак Түркияның Ресеймен жалғасып жатқан төрешілік сот процесінде келісімге келгенін, 1 миллиард долларлық ақшаның сайлау алдында қазынаға аударылатынын білдірді.

Албайрак Стамбұлда «Ресеймен жалғасқан төрешілік сот процесінде келістік. 2015-2016 жылғы табиғи газ бағасында 10,25 пайыздық жеңілдік тақырыбында келістік. Енді төрешілік болмайды, соттарды тоқтаттық. Жеңілдігімізді алдық. Шамамен 1 миллиард долларлық қаржымыз сайлау алдында қазынамызға аударылмақ» деді.

Албайрак «Түркия 8 халықаралық құбыр желісі өткен әлемдегі жалғыз ел. Бұл тұрғыдан елімізді мұнай мен табиғи газдың орталығына айналдыру үшін Түрік  Ағыны табиғи газ құбыр желісі жобасы да осылардың біреуі. Ресеймен екінші бір мәселеде де келістік. Ол Түрік ағыны жобасының екінші желісін 2019 жылдың аяғына дейін Ресеймен бірге толықтырамыз. 2019 жылы аяқталмай тұрғанда тағы үлкен бір жобамыз іске асады» деді.



Ұқсас жаңалықтар