"Түрік экономикасы мықты"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын шетел валютасы жайлы мәлімдеді.

978167
"Түрік экономикасы мықты"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын шетел валютасы курс бағамының жасанды түрде қозғалғанын атап, түрік экономикасының мықты екенін атап көрсетті.

Калын жекеменшік бір радиода күн тәртібіне келген тақырыптарды бағалады.

Соңғы күндері доллардың өсуіне тоқталған Калын валюта курсындағы толқынға ықпал еткен көптеген себеп бар екенін білдірді.

Курстағы толқынысқа қарсы шаралардың қабылданғанын және бұдан кейінде қабылданатынын білдірген Калын «Доллардағы бұл қозғалыс орынды емес, жасанды, бос көтеріліс» деді.

Түрік экономикасының мықты екенін, елде болып жатқан қиыншылықтарға қарамастан өткен жылы экономикалық өсу мөлшерінің 7,4 пайыз ретінде жүзеге асқанын атап көрсеткен Калын «Түрік экономикасының болмысы мықты, әлсіз болғанда 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының артынан түрік экономикасы құлдырар еді» деді.



Ұқсас жаңалықтар