Шетелдіктер 42 миллиард долларлық мүлік сатып алды

Соңғы бес жылда шетелдіктер Түркиядан үй сатып ала бастады.

974057
Шетелдіктер 42 миллиард долларлық мүлік сатып алды

Шетелдіктер Түркияда 15 жылда 42 миллиард долларлық жылжымайтын мүлік сатып алды.

Түркия Республикасы Орталық банктың деректеріне сүйеніп дайындалған «Шетелдіктерге тұрғын үй сатудан түскен табыс» атты есеп жарияланды.  Осы есепке қарағанда, шетелдіктер 2003-2017 жылдар аралығында Түркиядан шамамен 42 миллиард долларлық жылжымайтын мүлік сатып алды.

Есепке қарағанда,  шетелдіктерге тұрғын үй сатып алудан түскен табыстың әсіресе 2013 жылы күшіне енген жаңа заңнан кейін артуы назар аударды.

Шетелдіктер Түркиядан 2013 жылдан бері 99 мың 691 дана тұрғын үй сатып алды.



Ұқсас жаңалықтар