"Қоршаған ортаға жағымды өнімдерге одан көп қолдау беру керек"

Премьер-министр Мехмет Шимшек Түрік өнеркәсіпшілер және іскерлер қоғамы ұйымдастырған Климат жиналыстарына қатысты.

949340
"Қоршаған ортаға жағымды өнімдерге одан көп қолдау беру керек"

Премьер-министр Мехмет Шимшек жаңартыла алатын энергияға одан көп қолдау беру керектігін атап, Түркияның бұл салада дұрыс бағытта екенін мәлімдеді.

Мехмет Шимшек Стамбұлда Түрік өнеркәсіпшілер және іскерлер қоғамы (TÜSİAD) ұйымдастырған Климат жиналыстарына қатысты.

«Төмен көміртекті өркендеу кезеңінде қаржының рөлі» тақырыпты жиналыста баяндама жасаған Шимшек «Күніне 41 миллион дана ағаш кесілуде. 100 мыңнан астам ұшақ әуеде ұшады. 1 миллион 200 мың көлік жолға шығуда. 10,5 миллион тонна көмір, 9,5 миллион тонна табиғи газ және 95 миллион баррель мұнай тұтынылады» деді.

Жаңартыла алатын энергияға одан көп қолдау беру керектігін атап көрсеткен Шимшек «Еліміз бұл тұрғыдан шыныменен дұрыс жолда. Әрі күн, әрі жел мен геотермалдық, бұл салалардың барлығында маңызды қолдаулар бар. Мұны одан да күшейтіп, жалғастыру керек. Қоршаған ортаға жағымды өнімдерге одан көп қолдау беру керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар