Түркия жылжымайтын мүлік саласында үлкен әлеуетке ие

12-ші Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі және араб-түрік саммиті Стамбулда ұйымдастырылады.

943585
Түркия жылжымайтын мүлік саласында үлкен әлеуетке ие

12-ші Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі және араб-түрік саммиті 28-29 сәуірде Стамбулда ұйымдастырылады.

60-дан астам отандық және шетелдік фирма  365 жобамен жәрмеңкеге  қатысады. Жәрмеңкеге  Шығанақ елдерінен Абу Даби, Кувейт, Сауд Арабиясы болып, Мароккодан Иранға дейін көптеген елден 500-ге тарта инвестор қатысады.

Жәрмеңкеге келген  фирмалар түрік іскерлермен бас қосып, инвестиция және ынтымақтастық жасау мүмкіншіліктерін іздестіреді.

Түркия мен Араб елдері арасындағы болымды қарым-қатынастар сонымен қатар аймақтағы тыныштыққа да үлес қосады.

Түркия жылжымайтын мүлік саласында үлкен әлеуетке ие.



Ұқсас жаңалықтар