Бірінші желі 10 мамырдан бұрын аяқталады

Миллер түрік журналистердің сұрақтарына жауап берді.

944208
Бірінші желі 10 мамырдан бұрын аяқталады

Түрік ағыны табиғи газ жобасының бірінші желісі 10 мамырдан бұрын аяқталады.

Газпром төрағасы Алексей Миллер Түрік ағыны табиғи газ жобасында құрылыстың күнтізбе бойынша жалғасуда екенін айтып: «Жобада бірінші желінің құрылысы 10 мамырдан бұрын аяқталады» деді.

Миллер Түркия-Ресей Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі жиналысына қатысу мақсатымен келіп, Анкарада журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Түрік ағынының бірінші желісі үшін бүгінге дейін 827 километрлік құбыр төселгенін білдірген Миллер: «Жоба құрылысы күнтізбе бойынша жалғасуда.  Бірінші желінің құрылысы 10 мамырдан бұрын аяқталады.  Артынан табиғи газ айдау терминалі мен екінші желінің құрылысы басталады» деді.

Орыс газын Түркияға, Түркия арқылы Еуропаға айдайтын Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі әрқайсысы жылдық 15,75 миллиард текше метрлік әлеуеті бар екі желіден тұрады.



Ұқсас жаңалықтар