Түркия экспортта рекорд жаңартты

Экономика министрі Нихат Зейбекчи Түркияның наурыз айында экспортта рекорд жаңартқанын атап көрсетті.

942083
Түркия экспортта рекорд жаңартты

Экономика министрі Нихат Зейбекчи Түркияның наурыз айында экспортта рекорд жаңартқанын атап көрсетті.

Наурыз айында экспорт көрсеткіштері жылдың бірдей уақытымен салыстырғанда 11.5 пайыз артып, 15 миллиард 106 миллион долларға ұласты.

Осылайша наурыз айында экспорт тарихының ең жоғарғы экспорты жүзеге асты.

Жылдың алғашқы үш айында болса экспорт 2017 жылдың бірдей уақытымен салыстырғанда 10.4 пайыз өсіп, 40 миллиард 727 миллион долларға көтерілді.

Соңғы 12 айлық кезеңде 10,5 пайыз өсіп, 159 миллиард 923 миллион долларлық экспорт көрсеткішіне қол жеткізілді.

Наурыз айы экспорт көрсеткіштері жайлы Экономика министрі Нихат Зейбекчи мәлімдеме жасады.

Жекеменшік бір арнада сұрақтарға жауап қайтарған министр Зейбекчи 2018 жылдың алғашқы ширегінің өсу болжамын 6 пайыздан жоғары деп бағалады.



Ұқсас жаңалықтар