Түркия экономикасы 2017 жылы 7,4 пайыз өсті

Түркия экономикасы 2017 жылы 7,4 пайыз өсіп, Қытайды артқа тастады.

940568
Түркия экономикасы 2017 жылы 7,4 пайыз өсті

Түркия экономикасы 2017 жылы 7,4 пайыз өсіп, Қытайды артқа тастады.

Түркия статистика мекемесі 2017 жылына байланысты таза ұлттық кірістің қорытындыларын жариялады.

Осы бойынша түрік экономикасы өткен жылы 7,4 пайыздық өсумен осы жылдың соңғы ширегіндегі өсу деңгейі 7,3 пайыз болды.

Түркия экономика өсуде көрсеткен перформансы арқылы Қытайды артқа тастап, Экономика ынтымақтастығы және даму ұйымына мүше елдер арасында Ирландиядан кейін екінші орынды иеледі.

Түркияның таза ұлттық кірісі 2017 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 19 пайыз артып, 3 триллион 104 миллиард 907 миллион лира ретінде жүзеге асты.

Адам басына шаққандағы таза ұлттық кірісі 38 мың 660 лира, яғни10 мың 597 доллар ретінде есептелді. 

Босния-Герцеговинаға ресми сапармен барған премьер-министр Бинали Йылдырым 2017 жылғы өсу деңгейін түсіндірген кезде Түркия экономикасының 2017 жылы 7,4 пайыздық көрсеткіштермен ең жоғарғы деңгейге ұласқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар