Краснодарға тікелей рейс басталады

Түркияның Самсун және Ресейдің Краснодар қаласы арасында тікелей рейс басталады.

937787
Краснодарға тікелей рейс басталады

Түркияның Самсун және Ресейдің Краснодар қаласы арасында тікелей рейс 3 сәуір күні басталады.

Бұл туралы Самсун қаласы муниципалит басшысы Юсуф Зия Йылмаз хабарлады. Оның айтуынша аптасына екі рет игерілетін рейстер Самсунда сыртқы сауданы жандандырады.

Самсун қаласы үшін Ресей нарығының маңызына тоқталған Йылмаз былай деді: «Туризм секторында жұмыс істейтіндер,  медицина қызметкерлері және іскерлер тұрғысынан – Ресей маңызды нарық.  Сонымен бірге осы елмен сауда жасағысы келетіндер үшін ұшақ рейстері  - артықшылық.  Самсун – Түркияның солтүстікке ашылған қақпасы.  Самсун үшін Ресеймен сыртқы сауданы жандандыру үшін маңызды мүмкіншілік болып саналатын осы рейстер әрі қала,  әрі ел экономикасына пайда келтіреді»

Йылмаз Ресейден 20 іскерді Самсунға шақырғандарын да білдірді.



Ұқсас жаңалықтар