Түрік Әуе жолдары 30 дана жолаушы ұшағы сатып алады

«Boeing» пен Түрік Әуе жолдары арасында 30 дана «787-9 Dreamliner» типі жолаушы ұшағын сатып алу туралы келісім жасалды.

928372
Түрік Әуе жолдары 30 дана жолаушы ұшағы сатып алады

Ұшақ өндірісі алпауыттарының бірі «Boeing» Түрік Әуе жолдарымен 25-і тұрақты, 5-і таңдамалы, барлығы 30 дана «787-9 Dreamliner» типі жолаушы ұшағын сату туралы келісім жасады.

Фирманың Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Seattle қаласындағы орталығы жасаған жазбаша мәлімдемеде Түрік Әуе жолдарының «787-9 Dreamliner» типі жолаушы ұшақтарына бағытталған тапсырысы туралы шешім қабылданғаны атап көрсетілді.

Dreamliner ұшақтарының Түрік Әуе жолдарына Стамбұлдың үшінші жаңа әуежайында қызмет беретіні білдірілді.

«Boeing» пен Түрік Әуе жолдары «787-9 Dreamliner» типі ұшақтарға тапсырыс беру туралы президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымының 72-ші Бас Ассамблеясына қатысу үшін барған АҚШ сапары барысында 2017 жылы қыркүйек айында алдын ала хаттама бекітілді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хеатер Науерт Boeing фирмасының Түрік Әуе жолдарымен жасаған келісімді әлеуметтік медиа арқылы жариялады.

Науерт Түрік Әуе жолдарымен жасалған келісім туралы «Елімізде жұмыс күшін, шетелде болса экономикалық мүмкіншіліктерді арттырған бұл келісімнің жасалғанына ризамын. АҚШ пен Түркия арасында еркін, әділ және екі жақты сауданың керемет бір үлгісі» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар