Доллармен импорт жасауға тыйым салды

Орталық банктың нұсқауында осылай деп айтылған.

920827
Доллармен импорт жасауға тыйым салды

Иран коммерциялық компаниялардың импорт сұраныстарын Америка доллары арқылы беруіне тыйым салды.

Иран Орталық банкінен Өнеркәсіп,  кен және сауда министрлігіне жіберілген нұсқау бойынша импортшылардың доллардың орнына басқа валюталармен сұраныс беруіне болатыны айтылды.

Иран баспасөзі аталмыш шешімнің Вашингтон әкімшілігінің 2015 жылғы ядролық келісімге қарамастан Иран банктеріне қарсы жалғасқан шектемелеріне орай қабылданғанын жариялады.

Мехр агенттігі импорт компанияларының АҚШ санкциялары себепті долларды банктер емес,  валюта фирмалары арқылы қамдағанын, мұның да валюта айырбастау кеңселеріндегі АҚШ доллар сұранысының артуына себеп болғанын жазды.

Елде бұдан бұрын валюта бағамындағы толқуға орай көптеген валюта кеңсесі жабылып, жүздеген адам тұтқындалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар