Түркия экономикасы өсуде

Чавушоғлұ Түркияның экономикалық өсуінің кездейсоқ бір жағдай емес екенін білдірді.

902316
Түркия экономикасы өсуде

Чавушоғлұ Түркияның экономикалық өсуінің кездейсоқ бір жағдай емес екенін білдірді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның экономикалық өсуінің кездейсоқ бір жағдай емес екенін білдірді.

Анталияның Манавгат ауданы сауда және өнеркәсіп палатасы MATSO, Манавгат қалалық әкімшілігі, туризм және іскерлер қоғамдары тарапынан биыл төртіншісі ұйымдастырылған «Манавгат сауда жәрмеңкесі» Ататүрік мәдениет орталығында басталды.

Чавушоғлұ бұл жерде жасаған баяндамасында барша әлемде экономикалық қиыншылықтар болған кезде Түркияның өсу деңгейінің әлем рекордын жаратқанын баяндады. Министр Еуропада көптеген елдер, банктер және фирмалар банкрот болған кезде Түркия экономикасының өскенін айтты.

Түркияның сыртқы саясаты және жобаларымен де барша әлемге қанат жайғанына назар аударған Чавушоғлұ Эдирнеден Карсқа дейін жүрдек пойыз жобасының болғанын, осы жоба арқылы Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Орталық Азияның барлығына жететінін мәлімдеді.

«Ұлыбританияның астанасы Лондон мен Қытайдың астанасы Пекинді бірлестірген маңызды ел біз боламыз» деген Чавушоғлұ аталмыш жобаның жай бір Эдирне-Карс жүрдек пойыз жобасы емес екенін, бұның өте маңызды болғанын түсіндірді. 



Ұқсас жаңалықтар