Түрік лирасы Мәскеу биржасында

Мәскеу биржасында түрік лирасы дәуірі басталды.

899992
Түрік лирасы Мәскеу биржасында

Анкара мен Мәскеу арасында экономикалық салада тарихи қадам басылды.

Мәскеу биржасында түрік лирасы дәуірі басталды.

Мәскеу биржасына енген түрік лирасы бірінші күні бір жарым миллион рубль, яғни шамамен 100 мың лиралық сауда-саттыққа негіз болды.

Бұл екі ел арасында сыртқы саудамен айналысатын банк клиенттері мен инвестиция фирмалары үшін жаңа мүмкіндік деген мағынаға келеді.

Ресей мен Түркия арасындағы сауда айналымы өткен жылы 40 пайыз артып,  20 миллиард доллардан асқан еді. Орыс мамандар осылайша ұлттық валюталардың ролінің артатынын айтып отыр.



Ұқсас жаңалықтар