"Әскери операция экономикаға жағымсыз әсер етпейді"

Министр "Түрік экономикасы армиясы секілді мықты" деді.

897150
"Әскери операция экономикаға жағымсыз әсер етпейді"

Даму министрі Лүтфи Елван Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясының экономикаға жағымсыз әсер етпейтінін айтты.

Елван Түркия Туризм инвесторлары қоғамының жиналысында сөйлеген сөзінде Түркия экономикасының армиясы секілді мықты екенін айтып: «Бір жағынан терроризм ұяшықтарын бытыратып,  бір жағынан экономиканы нығайтуды жалғастырамыз» деді.

«Терроризммен күрестен кері шегінбестен, аймағымызда ешбір қарбалас,  тұрақсыздық қалмағанға дейін не қажет болса,  жасауға дайынбыз. Ұлттық қауіпсіздікке, болашағымызға қауіп төндіретін әрбір элементпен соңына дейін күресеміз.  Осы аяда Зәйтүн бұтағы операциясын бастадық» деді ол.

Министр Елван операция басталғаннан кейін экономикаға әсер етіп етпейтіні жөнінде таластарға куә болғандарын айтып: «Жалғасып жатқан операцияларға қарамастан,  биржа кеше де, бүгін де рекорд жаңартты.  Тұтынушы сенім индексі 8 айдың шыңына жетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар