Африн операциясы түрік экономикасына кері әсер етпейді

Қаржы министрі Наджи Ағбал Түрік қарулы күштері бастаған Зәйтүн бұтағы операциясын бағалады.

896196
Африн операциясы түрік экономикасына кері әсер етпейді

Қаржы министрі Наджи Ағбал Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында ‘PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ’ террористерді жою, дос және бауырлас аймақ халқын қысымдар мен зұлымдықтан құтқару үшін басталған Зәйтүн бұтағы операциясының түрік экономикасына кері әсер етпейтінін атап көрсетті.

Ағбал Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап қайтарды,

Түркияның халықаралық құқыққа сәйкес Африн аймағына операция бастағанын білдірген Ағбал «Халықаралық қоғам және көптеген елде де бұл операцияға қолдау мәлімдемелері жасады. Операция табыспен жалғасуда. Батыр армиямыз үлкен бір тұрақтылықпен күресуде. Бұл операцияны президентіміз алдында түсіндірді. Операцияны бұл тұрғыдан нарықтар күтетін» деді.

Елдің 2018 жылға жақсы кіргенін және экономиканың мықты бір импульсі бар екеніне назар аударған Ағбал инвестиция, өндіріс, жұмыспен қамдау және экспорт көрсеткіштерінің де мықты өсу процесіне көшкенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар