Түркия 170 елге 21 миллиард долларлық жәрдем жасады

Түркия, 2010-2016 кезеңінде 170 елге 21 миллиард долларлық қаржы жәрдем жасады.

869645
Түркия 170 елге 21 миллиард долларлық жәрдем жасады

Түркия, 2010-2016 кезеңінде 170 елге 21 миллиард долларлық қаржы жәрдем жасады.

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА-ның көрсеткіштері бойынша Түркия  2010-2016 кезеңінде ең көп ресми даму жәрдемін Сирияға жасады.

Шетел жәрдемдерінің 62 пайызын Сирияға,  9,54 пайызын Африка елдеріне, 5,44 пайызын Түркі Республикаларына, 4,3 пайызын Балкан және басқа аймақтарға жасады.

Түркия 2011 жылы қиын жағдайға душар болған Сирияға осы кезеңде 13 миллиард 666 миллион долларлық даму жәрдемін жасады. Сирияға тек өткен жылдың өзінде жасалған жәрдем 5 миллиард  851 миллион доллар болды.

Түркияның өткен жылы екі жақты ресми даму жәрдемдерінен ең көп пайдаланған 10 елдің ретімен: Сирия, Сомали, Палестина, Ауғанстан, Босния-Герцоговина, Қырғызстан, Македония, Қазақстан, Әзірбайжан және Нигерия.

Түркия өткен жылы аймақтық өркендеу агенттіктеріне 203 миллион доллар, Біріккен Ұлттар Ұйымына 35 миллион доллар, Әлем банкі және басқа салаларға болса 12 миллион доллар төледі.

Осылайша Түркия 7 жылда 170 елге дамулары үшін жиыны  21 миллиард долларлық жәрдем жасады. 


Этикеттер: #қаржы , #жәрдем , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар