Министр Зейбекчи түрік мердігерлерінің нарықтық күшін бағалады

Экономика министрі Нихат Зейбекчи түрік мердігерлердің өткен жылы 57 бөлек мемлекетте 13,1 миллиард долларлық жаңа жоба алғанын мәлімдеді.

867596

Зейбекчи тәуелсіз бір азаматтық қоғам болған және 1952 жылы құрылған Түркия Мердігерлер Бірлестігінің қазіргі таңда 122 мүшесі бар екенін атап көрсетті.

Түрік мердігер фирмаларының 1972 жылдан бері 118 елде 350 миллиард доллар құнында 9 мыңнан астам жобаны жүзеге асырғанын атап айтқан министр Зейбекчи шетелде жоба қабылдаған фирма санының қазірге дейін 2 мыңға таяу екенін білдірді.

Экономика министрі Зейбекчи түрік мердігерлерінің шетел жобаларына қатысты мағлұмат берді.

Зейбекчи «2016 жылы фирмаларымыз 57 бөлек елде, 13,1 миллиард долларлық жаңа жоба алды. 2017 жылы қазан айына дейін қабылданған жоба мөлшері 9.7 миллиард долларды құрайды. 2016 жылғы жобалармен салыстырғанда Катар, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Бахрейн алғашқы бес ел арасында орын алады» деді.

Ұқсас жаңалықтар