Орыстар Бурсаға мата үшін келеді

Түркияның Бурса қаласына Ресейден 45 фирманың өкілдері келді.

862556
Орыстар Бурсаға мата үшін келеді

Түркияның Бурса қаласына Ресейден 45 фирманың өкілдері келді.

Орыс іскерлер қаладағы базаларды аралап көрді,  келісімдер жасасты.

Орыс текстиль секторы өкілдері түрік маталарының әрі сапалы,  әрі арзан екенін айтты.

Вероника Фарапанова:

«Бурсадағы комбинаттардан айына 10 мың метр мата аламыз.  Біздің компания әйел киімдерін өндіреді. Түрік маталарынан тігілген киімдерге орыс әйелдерінің қызығушылығы жоғары. Жаңа өндіріс орындарымен танысып,  саудамызды дамыту үшін келдік»

Галиста комбинатының өкілі Анна Марк да 200 қызметкері бар базаларында айына 30 мың дана киім тігетіндерін айтты. «Түрік маталары шыныменен өте тамаша.  Түркиядан айына 40 мың метр мата алып тұрамын» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар