Жаңа санкциялардың "Түрік ағымы" жобасына риск туғызуы мүмкін

Орыс энергия фирмасы ГазПромға қарағанда АҚШ-тың Ресейге бағытталған жаңа санкциялары Түрік ағым жобасы үшін риск туғызады.

847794
Жаңа санкциялардың "Түрік ағымы" жобасына риск туғызуы мүмкін

Орыс энергия фирмасы ГазПромға қарағанда АҚШ-тың Ресейге бағытталған жаңа санкциялары Түрік ағым жобасы үшін риск туғызады.

ГазПром жариялаған 3-ші ширек рапортында АҚШ-тың Ресейге бағытталған жаңа санкцияларының ГазПромның шетелдегі инвестицияларына болымсыз ықпал ететіні атап көрсетілді.

Инвестициялар себепті «Түрік ағымы» мен «Солтүстік Ағым-2» сияқты жобаларға қоса, барлық құбыр желісі жобаларына да риск туғызғанына назар аударылды. Рапортта  «Аталмыш рисктерді дұрыс сараптау үшін АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялардың ауқымын ашық түрде жариялауы керек» делінді.

АҚШ тарапынан 2 тамыз күні іске қосылған жаңа заңнамамен АҚШ президенті Дональд Трамп орыс құбыр желісінің құрылысы мен жөндеу жұмыстары үшін инвестиция салған, технологияларды қамтамасыз еткен немесе орыс фирмаларына қызмет беретін тұлға мен фирмаларға шектеуші шаралар қолдану жөнінде жауапкершілік берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар