TANAP қысқа уақыт ішінде жұмысқа қосылады

Ердоған TANAP-тың қысқа уақыт ішінде жұмысқа қосылатынын айтты.

838173
TANAP қысқа уақыт ішінде жұмысқа қосылады

Ердоған TANAP-тың қысқа уақыт ішінде жұмысқа қосылатынын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжан газын Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын Транс Анадолы шығыс газ құбыр желісі жобасы TANAP-тың қысқа уақыт ішінде жұмысқа қосылатынын айтты.

Ердоған Әзірбайжан сапарының екінші күнінде Әзірбайжан Президенті Илхам Алиевпен бірге ортақ баспасөз жиналыс  ұйымдастырды.

Ердоған сөзінде кеше ұйымдастырылған  Баку-Тбилиси-Карс теміржолынның ашылу рәсімінен кейін бүгін энергия желісінің ашылуын өткізгенін және бұл іс-шаралардың екі елдің стратегиялық жақтын бір-біріне тіпті жақындасатынын білдірді.

Ердоған TANAP-пен байланысты жұмыстарының тез қарқында жалғасқанын атап өтті.

Бұдан кейін жүз мыңдаған адамның тек Баку-Тбилиси-Карс емес, Қытайдың астанасы Пекиннен Ұлыбританияның астанасы Лондонға дейін осы желісті қолданатынын меңзеген Ердоған бұның үлкен экономикалық пайда әкелетінін айтты.

Әзірбайжан Президенті Илхам Алиев те баяндамасында Түркия мен Әзірбайжанның дос және бауырластығының аймақ үшін өте маңызды екенін айтты.

Алиев «Түркияның күн сайын дамыған қорғаныс өнеркәсібіне қызығушылық көрсетудеміз. Түркиядан әскери жабдықтар алудамыз» деген сөздер қолданды. 



Ұқсас жаңалықтар