Тікелей инвестициялардың көлемі 4,9 миллиард долларға өсті

Түркияға тікелей инвестициялар жылдың алғашқы 8 айында 28,8 пайыз артты.

828657
Тікелей инвестициялардың көлемі 4,9 миллиард долларға өсті

Түркияға тікелей инвестициялар жылдың алғашқы 8 айында 2016 жылдың бірдей кезеңімен салыстарғанда 28,8 пайыз артып, 4,9 миллиард долларға ұласты.

Еуропаның артынан Түркияға ең көп тікелей инвестиция салған аймақ Азия болса, Азиялық тұрғындардың тікелей инвестициялары жылдың алғашқы 8 айында 5,4 пайыз өсіп, 825 миллион лираға ұласты.

Аталмыш кезеңде Түркияға тікелей инвестициялардың 26 миллион доллары Африка, 20 миллион доллары Үлкен мұхит елдері және 3 миллион доллары болса жүйеленбеген елдердің тұрғындары тарапынан салынды.

Түркия биылдың алғашқы 8 айында ең көп тікелей инвестицияны Голландия, Испания, Әзірбайжан және Австриядан тартты. Голландиялық инвесторлардан Түркияға 1 миллиард 501 миллион долларлық капитал кірісі болса, бұл көрсеткіштің 30,9 пайызы тікелей инвестицияны құрады.

Аталмыш кезеңде Испаниядан 1 миллиард 46 миллион долларлық, Әзірбайжаннан 355 миллион долларлық және Австриядан 308 миллион долларлық инвестиция келді. Бельгия, Германия, Жапония, Қытай және АҚШ болса Түркияға 100 миллион долларлық тікелей инвестиция салған елдер арасына кірді.



Ұқсас жаңалықтар