Бір миллионыншы жолаушыға тосын сый

Түрік Әуе жолдары биылғы жылдың басынан бері Ресейден Түркияға бір миллионыншы жолаушысын ұшырды.

810114
Бір миллионыншы жолаушыға тосын сый

Түрік Әуе жолдары биылғы жылдың басынан бері Ресейден Түркияға бір миллионыншы жолаушысын ұшырды.

Ресейдің бас қаласы Мәскеуден Анталияға ұшқан бір миллионыншы жолаушы Елена Малееваға тосын сый жасап, түрік авиакомпаниясы он күндік демалыс пен ұшақ билетін сыйлады.

Тосын сыйға қатты таңғалған Елена Малеева қызымен бірге Түркияға бірінші рет ұшып бара жатқанын айтты. Түрік авиакомпаниясының аяқ астынан осындай сыйлығына да қатты қуанғанын білдірді.

Өзі қалаған уақытта Анталияда қызымен бірге он күн демалатын Малеева өмірінде ұмытылмас сәт сыйлағандары үшін Түрік Әуе жолдарына алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар