Бандырма ауданында Күн энергиясы стансасы іске қосылды

«Enerjisa» фирмасы 2 миллион долларлық инвестиция жұмсаған 2 мегаваттық алғашқы Күн энергиясы стансасын іске қосты.

795214
Бандырма ауданында Күн энергиясы стансасы іске қосылды

«Enerjisa» фирмасының 2 миллион долларлық инвестициямен Балыкесир қаласының Бандырма ауданында құрған 2 мегаваттық күшке ие алғашқы Күн энергиясы стансасы (GES) электр қуаты өндіре бастады.

Enerjisa жасаған мәлімдемеде фирманың алғашқы Күн энергиясы стансасының 2,5 айдың ішінде аяқталғаны және осының арқасында мың 500 үйдің электр қажеттілігінің қамтамасыз етілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде "Enerjisa" фирмасы лауазымдысы Кыванч Заимлердің отандық және жаңартыла алатын энергия резервтеріне көңіл бөлінгенін атап, бұл саладағы инвестициялардың жақын келешекте 7 мегаваттық екінші станцияны іске қосуымен жұмыстардың жалғасатынына назар аударылған.

Заимлер инвестицияларды салғанда Түркияның электр қуаты өндірісінде отандық резервтерді қолдану нысанасына үлес қосуға назар аударғандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар