Түркия экспортта рекорд жаңартты

Экономика министрі Нихат Зейбекчи Түркияның экспортта өткен айдың рекордын жаңартқанын білдірді.

789186
Түркия экспортта рекорд жаңартты

Зейбекчи 22-ші Ушак Халықаралық Эшме Кілем мәдениеті және қолөнері фестиваліне қатысты. Зейбекчи Түркияның 2017 жылдың алғашқы ширегінде әлемнің жетілген 20 мемлекеті қатарында ең жылдам өскен үшінші ел екеніне назар аударды.

Экспорттың өткен ай рекорд жаңартқанын еске салған Зейбекчи «Экспортта шілде айында тарихи бір рекорд жаңарттық. Айлық 28 пайыз өстік. Биыл Түркия әлемнің ең жылдам өскен үш үлкен елінен бірі болмақ. Нысанамыз әлемнің алғашқы 10 экономикасынан бірі, Еуроодақта болса алғашқы үш елдің бірі болмақ. Құдай қаласа бұл болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар