Тегеранда Түрік Сауда орталығы ашылды

Түрік Сауда орталығының ашылу салтанатына ТР Экономика министрі Нихат Зейбекчи қатысты.

768023
Тегеранда Түрік Сауда орталығы ашылды

Шетелдегі түңғыш түрік сауда орталығы Иранда ашылды.

Түрік Сауда орталығының ашылу салтанатына ТР Экономика министрі Нихат Зейбекчи қатысты.

Министр Зейбекчи осында сөйлеген сөзінде Иран мен Түркияның бәсекелес емес,  бірін бірі толықтырған екі ел екенін айтып: «Иран мен Түркия -  тек Ирандағы немесе тек Түркиядағы емес,  сонымен бірге үшінші елдердегі ынтымақтастық әлеуетін бірге бағаландыратын қабілетке ие екі ел» деді.

Түркияның шетелдегі тұңғыш сауда орталығының Тегеранда ашылғанына назар аударған министр сонымен бірге Тегеранда басқа бір елдің алғашқы сауда орталығының да осы екенін білдірді.

Тегерандағы Түрік Сауда орталығында 62 түрік компаниясы орын алады.



Ұқсас жаңалықтар