Түркия мен Иран арасында келісім

Екі ел арасында 95 миллион долларлық үш келісімге қол қойылды.

743514
Түркия мен Иран арасында келісім

Иран Әлеуметтік қауіпсіздік инвестиция компаниясы мен Түркиядан екі жеке меншік фирма арасында 95 миллион долларлық үш келісімге қол қойылды.

Иранның бас қаласы Тегеранда болған қол қою рәсіміне түрік тарапы атынан Мафин Вест директоры Фырат Йылмаз,  Иран тарапы атынан Иран Әлеуметтік қауіпсіздік инвестиция компаниясы бас директоры Сейит Рыза Невруззаде мен Хурремшехир депутаты Абдуллах Самири қатысты.

Рәсімде 10 миллион доллар құнында бір Катамаран жолаушы кеме сату, 70 миллион долларлық Саба сауда ғимаратының түрік құрылыс компаниясы тарапынан салынуы және Иранның Хурремшехр қаласындағы Арвандан кеме жасау зауыдытының түрік компаниясы тарапынан салынуын қамтитын 15 миллион құнында бір келісімге қол қойылды.

Рәсімде сөз сөйлеген Мафин Вест директоры Йылмаз Иран мен Түркия арасында түрлі салада сауда қатынастарын жетілдіріп, Иранның Түркия мен Еуропа нарығына ашылған қақпасына болуды мақсат еткендерін білдірді.

Невруззаде де түрік фирмалармен мұнай-химия және шина өндірісі сынды салаларда да ынтымақтасуды қалайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар