Түрік авиакомпаниясы 20 жылдан бері Грузияда

Түрік авиакомпаниясының Грузиядағы істерінің 20 жылдығы аталып өтті.

739738
Түрік авиакомпаниясы 20 жылдан бері Грузияда

Түрік авиакомпаниясының Грузиядағы істерінің 20 жылдығы аталып өтті.

Бас қала Тбилисидегі бір қонақүйде болған шараға Түркияның Грузиядағы өкілетті және төтенше елшісі Зеки Левент Гүмрүкчү, Әзірбайжанның елшісі Дурсун Хасанов, Тбилиси муниципалитетінің төраға орынбасары Иракли Леквинадзе,  Түркия-Грузия парламенттер арасы Достық тобының төраға орынбасары Хүсейін Шахин, Түркия-Грузия парламенттер арасы Достық тобының төрағасы Арчил Хабадзе, басқа да іскерлер, саясат қайраткерлері қатысты.

Түркияның Грузиядағы өкілетті елшісі Гүмрүкчү биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын да тойлап отырғандарын айтып,  екі ел арасында өте жағымды, мықты байланыс қалыптасқанын, Түрік Әуе жолдарының да осы қатынастардың нығаюына үлкен үлес қосқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар