Президент ТҮСИАД жиналысында іскерлерге үн қатты

«Террор ұйымдарымен қозғалатын болса біз операцияға қосылмаймыз».

735273
Президент ТҮСИАД жиналысында іскерлерге үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодақпен ынтымақтастықты «Кеден Одағы келісімін» жаңарту арқылы жалғасатынын атап көрсетті.

Президент Ердоған Түрік өнеркәсіпшілер және іскерлер қоғамы (TÜSİAD) Жоғары ақылдасу кеңесі жиналысында Еуроодаққа мүшелік үшін Түркияны күткізгенін атап, «Біз есіктерінде құл емеспіз, абыройымыз бар, бұл ұлттың намысын таптатпаймын» деді.

Баяндамасында АҚШ сапарына да тоқталған президент Ракка операциясына қатысты Түркияның наразылықтарын жеткізгендерін атап көрсетті.

«Террор ұйымдарымен қозғалатын болса біз операцияға қосылмаймыз» деген Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы YPG/PYD-нің террор ұйымы екеніне назар аударды.

Ердоған «АҚШ мұндай бір операцияға кіреді. Біздің міндетіміз жақсылық тілеу. Бірақ мынаны да айтып бердік. Егер бұл террор ұйымдары біздің елімізге кезкелген бір қауіп төндірген жағдайда, біз өзімізді қорғау құқығымызды қолданамыз, мұны ешкімге сұрамаймыз, кеңеспейміз» деді.

Президент Ердоған «Еуропа нарығы біз үшін қаншалықты қажет болса, Еуропа үшін біздің де маңызымыз үлкен. Бәлкім олардан да маңызды шығармыз. Кеден Одағы келіссөздерімізді жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар