Вице-премьер Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын жариялады

Инвестициялық ортаны жақсарту координация кеңесі Анкарада жиналды.

726574
Вице-премьер Түркия экономикасының биылғы өсу болжамын жариялады

Вице-премьер Нуреттин Джаникли Түркия экономикасын биылғы өсу болжамын 3,5 пайыз болып жариялады.

Инвестициялық ортаны жақсарту координация кеңесі Анкарада жиналды.

Жиналысқа вице-премьер Нуреттин Джаниклиге қоса Қаржы министрі Наджи Ағбал, Әділет министрі Бекир Боздағ, Қоршаған орта және қала министрі Мехмет Өзхассеки, Өркендеу министрі Лүтфи Элван, Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчи мен Ғылым, өнеркәсіп және  Технология министрі Фарук Өзлү де қатысты.

Жекеменшік сала өкілдері де орын алған жиналыста экономикадағы реформалау тақырыптары қолға алынды.

Нуреттин Джаникли экономикадағы өсу жылдамдығымен байланысты ақпарат бөлісті.

Джаникли «2016 қаржы жылын 2,9 пайыз өсумен жаптық. 2017 жылы өсу көрсеткіштерімен байланысты шамамен барлық халықаралық мекемелер жоғары бағытта ревизия жасай бастады» деді.



Ұқсас жаңалықтар