Түркияның наурыз айы экспорт пен импорт көрсеткіштері жарияланды

Түркияның наурыз айына қатысты сыртқы сауда статистикасы жарияланды.

722242
Түркияның наурыз айы экспорт пен импорт көрсеткіштері жарияланды

Түркияның экспорты наурыз айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 13,6 пайыз өсіп 14 миллиард 496 миллион долларға, импорты болса 6,9 пайыз өсіп 18 миллиард 988 миллион долларға ұласты.

Түркия Статистика Мекемесі мен Кеден және Сауда министрлігі тарапынан дайындалған наурыз айына қатысты сыртқы сауда статистикасы жарияланды.

Осыған қарағанда экспорт наурыз айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 13,6 пайызбен 14 миллиард 496 миллион долларға өсті.

Аталмыш кезеңде импорт болса 6,9 пайыз өсіп, 18 миллиард 988 миллион долларға ұласты.

Бұл кезеңде сыртқы сауда кемшілігі 5 миллиард 7 миллион доллардан 10,3 пайыз азайып, 4 миллиард 492 миллион долларға шегерілді.

Экспорттың импорт алдындағы мөлшері өткен жылдың наурыз айында 71,8 пайыз болса биыл 76,3 пайыз болып есептелді.



Ұқсас жаңалықтар