Түркиядағы мұнай құбыр желістері

Түркиядағы мұнай құбыр желістерінен бір айда 46 миллион 873 мың баррель мұнай тасымалданды.

682483
Түркиядағы мұнай құбыр желістері

Түркиядағы мұнай құбыр желістерінен бір айда 46 миллион 873 мың баррель мұнай тасымалданды.

Түркиядағы төрт құбыр желісінен осы жылдың қаңтар айында тасымалдаған мұнай көлемі өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда 4,42 пайыз артып, 46 миллион 873 мың баррель болды.

Құбыр желістері мен мұнай тасымалдау фирмасы BOTAŞ-тың көрсеткіштеріне қарағанда биыл қаңтар айында Баку-Тбилиси-Жейхан шикі мұнай құбыр желісі HPBH арқылы  21 миллион 298 мың баррель тасымалданды.

Бірдей мезгілде Ирак-Түркия HPBH арқылы   20 миллион 645 мың баррель мұнай әлем нарықтарына тасымалданса, Жейхан-Кырыккале HPBH  арқылы 3 миллион 138 мың баррель, Батман-Дөртйол HPBH арқылы да 1 миллион 792 мың баррель иұнай тасымалданды.

Осылайша биыл қаңтар айында Түркия мұнай құбыр желісі арқылы жиыны  46 миллион  873 мың баррель мұнай тасымалданды. Осы көлем өткен жылғы бірдей маусыммен салыстырғанда  44 миллион 885 мың баррель деңгейінде еді.

Енді бір жағынан Құбыр желістері мен мұнай тасымалдау фирмасы BOTAŞ қаңтар айында 5 миллиард  29 миллион текшеметр табиғи газ импорт етті.

 



Ұқсас жаңалықтар