Қару-жарақ саудасы соңғы 5 жылда әдеуір артты

Жаһандық деңгейде 2012 мен 2016 жылдары арасында қару-жарақ саудасы 8,4 пайыз өсті.

676141
Қару-жарақ саудасы соңғы 5 жылда әдеуір артты

Стокгольм Бейбітшілік зерттеулері институтының (SIPRI) рапортына қарағанда 2012 мен 2016 жылдары арасында қару-жарақ саудасы 8,4 пайыз өсті.

Осы көрсеткішпен қырғи қабақ соғыс аяқталған 1991 жылынан бері рекорд жаңартты. Таяу Шығыс пен Азия елдері қару нарығының ең үлкен тұтынушылары болып табылады.

Үндістан, Сауд Арабиясы және Қытай қару саудасында алғашқы кезекте орын алады.

Үндістан қорғаныс шығындары 43 пайыз өссе, Шығанақ елдерінің қару импорты 29 пайызға ұласты.

Рекордты 212 пайызбен Сауд Арабиясы жаңартты. Африка құрлығы болса қару-жарақ өнеркәсібінің алдынғы қатарлы тұтынушылары Алжир, Нигерия, Судан және Эфиопия.

Қару өнеркәсібінің табысын жинағандардың басында АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Германия бар.

Аталмыш 5 ел жаһандық қару саудасының төрттен үш бөлігін жүзеге асырады. Ең үлкен табысқа 33 пайызбен АҚШ қол жеткізеді.

АҚШ 2012-2016 жылдары арасында өндірген қарулардың жартысын Таяу Шығыс елдеріне сатады.



Ұқсас жаңалықтар