Түрік шайы экспорты артты

Түркияның Шығанақ елдеріне соңғы 6 жылда жасаған экспорты  25 пайыз артты.

657286
Түрік шайы экспорты артты

Шығанақ елдерінен келген араб туристтердің Шығыс Қаратеңізге деген қызығушылығы артты. Аймақта турист санының артуы «түрік шайы» экспортының да артуына дәнекер болды.

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының көрсеткіштеріне қарағанда Түркияның Шығанақ елдеріне соңғы 6 жылда жасаған экспорты көлем тұрғысынан 25 пайыз,  сапа тұрғысынан болса 31 пайыз артты.

Түркиядан Шығанақ елдеріне жасалған және 6 жылдан бері артқан түрік шайы экспортында өткен жылы 532 тоннамен Ирак бірінші орынды алды. Одан кейін ретімен Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Катар, Иран, Оман және Бахрейн орын алуда.

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының төрағасы Ахмет Хамди Гүрдоған шайдың Шығыс Қаратеңіздің ең маңызды егіншілік өнімі екенін айтты.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар