Вице-премьер Мехмет Шимшек Давосқа аттанды

74-ші Давос Экономикалық Форумы Швейцарияның Давос ауданында өтеді.

654602
Вице-премьер Мехмет Шимшек Давосқа аттанды

Вице-премьер Мехмет Шимшек және қасындағы делегация 74-ші Давос Экономикалық Форумында (WEF) Түркияға өкілдік жасау үшін кеше Швейцарияның Давос ауданына аттанды.

Шимшек «Сезімтал және жауапкер көшбасшылық» тақырыпты форумның «Үлкен 20 күн тәртібі: Жаңа өсу жолы картасын жоспарлау», «Сирия мен Ирак: Келісімсіздіктерді жою», «Түркия вице-премьері Мехмет Шимшекпен әңгіме» тақырыпты отырыстарға қатысады.

Сирия дағдарысы және әлемдегі қақтығыстарға қоса, көптеген мәселе талқыланатын форумда ынтымақтастықтарды күшейту, экономикалық өсуді жандандыру, капитализмді реформалау және 4-ші Өнеркәсіп төңкерісіне дайындалу тақырыптары қолға алынады.

Форумға 100-ден астам елден 3 мыңға таяу іскер, саясат қайраткері, академик және азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдері қатысады.



Ұқсас жаңалықтар